Logo
Іздеу
Айдарлар

"Атамды сағындым": Назарбаевтың шөбересі TikTok желісінде тосын видео жариялады

/
"Атамды сағындым": Назарбаевтың шөбересі TikTok желісінде тосын видео жариялады
Arasha.kz коллажы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok әлеуметтік желісінде белсенді түрде контент жариялай бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Лора Әлиева – Назарбаевтың үлкен немересі Нұралы Әлиевтің қызы. Ал Нұралы Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы әрі марқұм Рахат Әлиевтің баласы.

Әлеуметтік желідегі видеоларының бірінде Лора марқұм атасын сағынышпен еске алған. Жазбада ол: "Атамды сағындым. Венаға барып келейін" деп жазып, Австрия астанасында түсірілген кадрларды бөліскен. Кадрлардан Венадағы зираттардың біріндегі Рахат Әлиевтің қабірі де көрінеді.

Жарияланымдар желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, бір бөлігі оны жеке естелік деп қабылдаса, енді бірі танымал әулет өкілінің әлеуметтік желідегі белсенділігіне назар аударды.