Logo
Іздеу
Айдарлар

"Алтынбек Сәрсенбайұлына қатысты іс қайта қарала ма?" – Ринат Зайыт жауап берді (ВИДЕО)

/
"Алтынбек Сәрсенбайұлына қатысты іс қайта қарала ма?" – Ринат Зайыт жауап берді (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт журналистердің сауалына жауап беріп, 2006 жылы қаза тапқан Алтынбек Сәрсенбайұлына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ринат Зайыт журналистің "қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысты түрлі күмән бар" деген ойына былай деп жауап берді:

"Мен осындай сұрақтарыңызды түсінбеймін? Нақты айтыңыз, кімдерде күмән бар? Ол іске Рахат Әлиевтің қатысы бар екенін, тіпті сол іспен сотталып шыққандар да сұхбат берді".

Сондай-ақ депутат бұл істің қайтадан қаралатынына сенбейтінін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2006 жылдың 11 ақпанында Қазақстан саяси өміріндегі ең даулы әрі резонансты қылмыстардың бірі тіркелді. Бұрынғы ақпарат министрі, оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы, оның оққағары Бауыржан Байбосынов және жүргізушісі Владимир Журавлев із-түссіз жоғалды.

Екі күннен кейін – 13 ақпанда олардың денелері Алматы облысы, Талғар ауданы аумағынан табылды. Тергеу материалдарына сәйкес, марқұмдардың қолына кісен салынған, үшеуі де желке тұсынан атылған.