Logo
Іздеу
Айдарлар

"Алтынбек Сәрсенбайұлы еш уақытта оппозиционер болған жоқ" (ВИДЕО)

/
"Алтынбек Сәрсенбайұлы еш уақытта оппозиционер болған жоқ" (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына, ұстанымына және саяси ортасына қатысты бұрын көп айтыла бермеген пікірлер жария болды. Бұл туралы жазушы Жүсіпбек Қорғасбек Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Жазушының айтуынша, Сәрсенбайұлының өліміне қатысты қоғамда түрлі болжам бар, алайда қолда бар ресми дерек – тек құқық қорғау органдары жүргізген тергеу материалдары.

"Алтынбектің өліміне қатысты біздің қолымызда заң орындарының тергеу-тексеруінен басқа ештеңе жоқ. Бірақ ол тікелей жүйенің құрбаны дегенге келіскім келмейді. Бірақ сол жүйенің ішіндегі жекелеген адамдармен ашық жау болғанын білемін. Солардың қолынан болған қаза шығар деп ойлаймын", – деді жазушы.

Сонымен қатар ол қоғамда жиі айтылатын "оппозиционер" деген анықтамамен келіспейтінін жеткізді.

"Алтынбек Сәрсенбайұлы еш уақытта оппозиционер болған жоқ. Ол – оппозицияның адамы емес, мемлекетшіл адам. Ол мемлекетке қызмет етті. Мемлекеттік қызметте жүріп те, мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін де мемлекетке қызмет етті. Сендер қашан көрдіңдер, Алтынбек Сәрсенбайұлының көшеге шығып, белгілі бір топтың алдында айғайлап жүргенін? Көрген жоқсыңдар ғой. Мен де көрген жоқпын", – деді Жүсіпбек Қорғасбек.