Logo
Іздеу
Айдарлар

Ораза айы кезінде қазақстандықтардың 18+ қызметтерге сұранысы күрт төмендейді

/
Ораза айы кезінде қазақстандықтардың 18+ қызметтерге сұранысы күрт төмендейді
Zak Chapman/Pexels

Қоғам белсендісі Нұрасыл Әбдіразақұлы әлеуметтік желіде жазба жариялап, Қазақстандағы іздеу жүйесіндегі үрдістерге талдау жасағанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, ол Google Trends платформасы арқылы екі түрлі сұраныстың динамикасын салыстырған: «намаз» және ересектерге арналған қызметтерге қатысты «кыздар нет» деген іздеу тіркесі.

Белсендінің мәліметінше:

  • Рамазан айы қарсаңында "намаз" сұранысы айтарлықтай өседі;
  • Рамазан кезінде 18+ қызметтерге қатысты іздеулер азаяды;
  • Ораза айттан кейін мұндай сұраныстар қайта көбейе бастайды;
  • Ұқсас үрдіс Құрбан айт алдында да байқалады – алдымен өсім, кейін төмендеу тіркеледі.

Нұрасыл Әбдіразақұлының пайымдауынша, бұл діни кезеңдердің қоғамдағы онлайн мінез-құлыққа әсер ететінін көрсетеді.

Ол жүргізген талдау нәтижесінде өз гипотезасының расталғанын атап өтті.