Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жолда абай болыңыздар": Танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды (ФОТО)

/
"Жолда абай болыңыздар": Танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Белгілі актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі соңғы сторисімен оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі аурухана төсегінде жатқан суретін жариялаған. Кадрда ол ақ жайма жамылып, бір қолымен төсек тұтқасынан ұстап отырған күйі көрінеді.

Сториске "Жолда абай болыңыздар" деген қысқа жазба қалдырған. Осыдан кейін желі қолданушылары арасында Қоянбаев жол апатына түсті ме деген сұрақ туындады.

Әзірге актердің нақты қандай жағдайға байланысты ауруханаға түскені туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаев – продюсер, актер және тележүргізуші ретінде кең танылған тұлға. Оның Instagram парақшасына 2 миллионға жуық адам жазылған. Соңғы жылдары ол әлеуметтік желідегі белсенді инфлюенсерлердің біріне айналған.