Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасының ісі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Осы оқиғаға байланысты журналист Руслан Өтепбай арнайы зерттеу жүргізіп, авторлық бағдарламасы аясында Атырауға барып, жағдайдың анық-қанығын білуге тырысқан. Тілші марқұмдардың туыстарымен кездесіп, олардың нұсқаларын тыңдаған.
Бағдарлама барысында күдікке ілінген азаматтың анасы Гүлнәр сөз сөйлеп, ұлына тағылған айыпқа сенбейтінін жеткізді. Оның айтуынша, оқиғаға дейін бірқатар түсініксіз жайттар болған.
"Желтоқсан айының басында Сұлтанға айттым: "Ақбаян ауырып тұр, балаларға қол жұмсап жатыр", – деп. Дірілдеп-қалтырап, өз-өзіне жауап бере алмайды. "Жақсы, мама, қаратайын", – деп Сұлтан алып кетті. Осы үйден Атырауға алып кетті. 11-і күні хабарласқанымда екеуі отырды. "Ақбаян жақсы ма?" – деп сұрадым. "Иә, жақсы, уайымдамаңыз", – деп жауап берді Сұлтан. 11 желтоқсан соңғы рет сөйлестік, одан кейін хабар жоқ", – деді