Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ақ батасын берді": Айнұр Тұрсынбаева ұстазы Жүрсін Ерман туралы қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)

/
"Ақ батасын берді": Айнұр Тұрсынбаева ұстазы Жүрсін Ерман туралы қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің ұстазы, осы өнердің ардагері Жүрсін Ерман туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Бүгін қазақ айтысының қара нары, бәрімізді әкеміздей қамқорлығына алып, сахнаға шығарған Жүрсін ағамызды 75 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап қайттық. Ертеңгі дүбірлі тойдың басын өзінің ақын ұл-қыздары бастап бергеніне Бақытжамал апамыз екеуі бір марқайып қалды. Ағамыздың мерейлі мерекесіне Жезқазғаннан арнайы келген ағайын-туыстары кеше ғана өзіміз өткізген "Қазақи шоу"-ды сүйсініп көргенін және жобаның жалғасын тағатсыздана күтіп жүргендерін айтты. Жүрсін ағамыз да біздің бастамамызды жоғары бағалап, алдағы жоспарларымызға ақ батасын берді. Айтыстың ақсақалы, қазақ өнерінің қара нары ұзақ жасасын!" – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.