Logo
Іздеу
Айдарлар

Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде ел күтпеген тосын жазба жариялады (ВИДЕО)

/
Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде ел күтпеген тосын жазба жариялады (ВИДЕО)
Ulysmedia.kz коллажы

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі пікірталасқа араласып, бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов пен оның екінші әйелі заңды түрде некелеспегенін меңзеген жазба қалдырды, деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл мәселе блогер Мөлдір Анарбаеваның имамдардың заңды неке куәлігінсіз мешітте неке қиюына қатысты жазбасынан кейін көтерілген.

"Мұсылманша неке қиып алып, жарыңызды адал деп жүрсіз бе? Заң жүзінде ол Сізге ешкім де емес. Ал, балалардан бас тартса, сот арқылы ғана әкелік растап, әуреге түсесіз. Көп қазақ әйелінің басындағы күй осы. Әділет вице-министрі имамдар заңды неке куәлігінсіз мешітте екі жасты қоса алмайтынын айтты. Қазір жастар ең алдымен мешітке барып некесін қидырады. Содан кейін салт-дәстүр, жөн-жоралғысын жасайды. Заңды неке екінші орында, тіпті соңғы этапта болып жататын кездер аз емес. Мешіт – кез-келген адамның некесін қиып бере салатын орын емес! Ислам дінінде неке жариялы болмаса, күмәнді боп есептеледі. Оқыңдар, молдалар! Талай қалтасы қалың еркекке тоқал алып бердіңдер. Әй отбасыңның обалына қала алмаймын, барыңдар демейсіңдер. Нағыз тозаққа аттанатын сендерсіңдер ғой. Қанша әйелдің боздап қалғанына себепкерсіңдер, қанша әйел білмей қалды, әлі де білмейді. Адам құдай дегендер осы! Енді имамдар заңды неке куәлігінсіз, екі жанды үйлендірсе сотталады!" – деп жазған блогер Мөлдір Анарбаева. 

Осы жазбаның астында Мөлдір Мұқан: "Осындай заң шығатын күнді күткен едім" деп қысқа ғана пікір қалдырған.

Желі қолданушылары бұл сөзді Тұрсынбек Қабатовтың екінші жарымен заңды некеге тұрмағанын растау ретінде қабылдады. Алайда әнші тарапынан нақты әрі толық түсіндірме берілген жоқ.