Logo
Іздеу
Айдарлар

"Мен білетін Наурыздың жазғанына келмейді": Атыраудағы трагедияға қатысты тың дерек айтылды (ВИДЕО)

/
"Мен білетін Наурыздың жазғанына келмейді": Атыраудағы трагедияға қатысты тың дерек айтылды (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың туысы Шалқар Мұқанғалиев із-түссіз кеткен інісі Наурыз Мұқанғалиевпен соңғы байланыс сәттерінде күмәнді жайттар болғанын айтты, деп жазады Alash.kz.

Журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында Шалқардың айтуынша, ол інісімен 2025 жылдың 10 сәуірінде аудио хабарлама арқылы сөйлескен. Одан кейін тек жазбаша хат алмасқан. Белгілі болғандай, Наурыздың WhatsApp желісіне соңғы рет сарайдан мәйіттер табылған күні кіргені тіркелген.

"Әдемі апа Наурызбен хабарлама арқылы сөйлесіп отыр екен. Ол "Апам ауырып қалды. Ташкентке емдетуге алып кеттім. Желтоқсанның 10-ы қайтып келеміз" деп айтқан. Жеңгеміздің қан қысымы бар. Зейнетке шыққан, үлкен кісілер қан қысымы мазалап ем алады. "Ташкентте ағайын-таныстары бар екен. Солардың үйінде жатыр. Көмектесіп жатыр екен" деп әкесінің туған қарындасы Әдемі апайға айтқан екен. Ешқандай аудиожазба жібермеген. Ешқандай видеоқоңырау шалмаған. Қоңырау соқса, көтермейді. Тек хат алмасып отырған. Кейін Әдемі ападан хаттардың скриншотын алдым. Мен білетін Наурыздың жазғанына келмейді. Бұрынғы хабарламаларында сөйлескендеріне қарадым. Ол сияқты жазып отырған жоқ. Мектеп кезінде диктант жазамыз ғой. Тақтадағыны көшіргендей етіп, үтір-нүктесін қатесіз жазған. Тым сауатты жазған. Сол күмән тудырды", – деді Шалқар Мұқанғалиев.