Logo
Іздеу
Айдарлар

Атырау облысынада жоғалып кеткен отбасыға қатысты қазіргі уақытта не белгілі?

/
Атырау облысынада жоғалып кеткен отбасыға қатысты қазіргі уақытта не белгілі?
ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, Атырау облысында болған қос кісі өлтіру ісіне күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция мәліметінше, ол Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған. Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген.

Онымен бірге бұрын халықаралық іздеуге жарияланған, із-түзсіз жоғалды деп танылған бұрынғы жұбайы да болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2025 жылдың қараша айында ер адам пайдакүнемдік ниетпен және ұзаққа созылған тұрмыстық жанжалдар аясында екі адамды өлтіруді алдын ала жоспарлаған. Қылмыстан кейін ол ізін жасыруға тырысып, мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған және марқұмдардың ақша қаражаты мен мүлкін иемденген.

Қазіргі уақытта ұсталғандарды Қазақстанға депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.