Logo
Іздеу
Айдарлар

Атыраудағы қанды іс: Марқұмдардың Индонезияда ұсталған қызы да күдікті атанды

/
Атыраудағы қанды іс: Марқұмдардың Индонезияда ұсталған қызы да күдікті атанды
politico.kz коллажы

Атырау облысында жұмбақ жағдайда қаза тапқан ерлі-зайыптылардың ісі бойынша жаңа дерек шықты. Индонезияның Ломбок аралында ұсталған марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасының күйеу баласы мен қызы шетелде ұсталғаны белгілі болған еді. Келіншек осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болған.

Еске салайық, 2025 жылдың күзінде Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалған. Іздеу барысында 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы, 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиеваның мәйіттері өз үйлерінің ауласынан көмілген күйде табылды. Ал олардың балалары – 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев әлі күнге дейін жоғалғандар қатарында.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бірі саналатын күйеу бала Индонезиядан ұсталған. Енді марқұмдардың қызы да осы іс бойынша күдікті мәртебесіне ие болды.

Қазіргі уақытта ұсталғандарды Қазақстанға қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Тергеу жалғасуда, ал қоғам резонанс тудырған бұл істің мән-жайын жіті бақылауда.