Logo
Іздеу
Айдарлар

Атыраудағы қылмыстық іс: Наурыз бен Мейрамгүлге қатысты қандай деректер бар?

/
Атыраудағы қылмыстық іс: Наурыз бен Мейрамгүлге қатысты қандай деректер бар?
ашық дереккөзден

Атырау облысында зейнеткер ерлі-зайыптылардың қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша күдіктілерді Индонезиядан Қазақстанға экстрадициялау процесі аяқталуға жақын. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министр орынбасарының айтуынша, қазақстандық құқық қорғау органдары Интерполмен бірлесе отырып, ауқымды іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде күдіктілер Индонезия аумағында ұсталған. Қазір оларды елге қайтару мәселесі соңғы кезеңге жеткен.

"Күдіктілер шетелде қолға түсті. Жақын күндері Қазақстанға жеткізіледі. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу шаралары жалғасып жатыр. Атырау облысында арнайы тергеу тобы жұмыс істеуде", – деді Санжар Әділов.

ІІМ таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталғанға дейін марқұм зейнеткерлердің қызы, яғни басты күдіктінің жұбайы да із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Кейін оған да күдікті мәртебесі беріліп, күйеуімен бірге Қазақстанға қайтару шаралары қолға алынған.

Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.