IT Aiel — жасына қарамастан қыз-келіншектер мен әйелдерге арналған бағдарлама және әсіресе декреттегі аналарға, көпбалалы аналарға, сондай-ақ зейнет жасына жақындаған әйелдерге бағытталған. Мақсаты — экономикалық дербестік, цифрлық сауаттылық, IT саласында мансапты дамыту және жеке кәсіп бастау. Ал бұл бағдарлама ауыл әйелдеріне қаншалықты қолжетімді және кедергілерді шешу үшін нақты қандай қадамдар жасалды? Бұл сұрақты біз ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Nazarbayev University Вице-президенті Гүлмира Қанайға қойдық.
Ол өз сөзінде интернетке қолжеткізу, кейбір әйелдердің техникаларды мүлдем пайдалана алмауы сияқты бірқатар мәселелерді айтты.
«Интернеттің тұрақсыз болуының жағдайы немесе «менің жасым ұлғайып қалды, жаңа мамандықты қалай игеремін, компьютерді қоса алмаймын» деген сияқты үлкенді-кішілі кедергілер тек ауылдық азаматтарға тән емес, жалпы бәріне тән болуы мүмкін, бірақ дегенмен де, өзінің ерекшеліктері аталмыш ортада бар әрине. Психологиялық, одан кейін қаржылық қысым жағынан да тосқауылдар, инфроқұрылымдық белгілі бір жағдаяттар болуы да мүмкін. Біздің қатысушыларымыздың көбі декреттік демалыстағы нәзікжандылар болғандықтан, оларда да білгілі бір ішкі кедергілер әрине болады. Оларды жеңу аясында арнайы бағдарламалар бар. Егер интернет тұрақсыз болатын болса, сабақтар видеоға жазылып, арнайы платформаларда сақталады. Сосмын оны платформаға кіріп тыңдауға болады. Нөлден бастау деген бар ғой? Ешқашан ешқандай IT құрылымдарды көрмеген, бағдарламаларға қатыспаған адамдарға арнайы ыңғайландырылып жасалған бағдарлама бар. Сондан кейін онлайын және офлайн уоркшоптар болғандықтан бағдарлама әртүрлі аудиторияға икемделіп жасалған. Сонымен қатар әрине ішінде менторлық қолдау болады. Қалай дегенмен де бағдарламаны аяқтағаннан кейін әрі қарай да менторлар өздерінің қолдауларын көрсетіп, бағыт бағдар беріп отырады», - деді Гүлмира Қанай.
Айта кетейік, «IT-Aiel» жобасы алғаш рет 2023 жылы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауына ие болып, жұмыссыз әйелдер мен декреттегі аналардың цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталды.