Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Атырауда жоғалып кеткен Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды

/
Атырауда жоғалып кеткен Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды
Orda.kz

Атырау қаласының маңындағы Геолог шағынауданында бұрын жоғалып кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәліметке сәйкес, олардың денелері күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаян бұрын жалдап тұрған үйдің ауласынан табылған.

Белгілі болғандай, кеше Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның әйелі Алматы қаласына жеткізілген. Тергеу барысында Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың мәйіттерін Геолог шағынауданындағы жалдап тұрған үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Осы мәліметтен кейін Атыраудағы тергеу органдары аталған аумақта қайтадан іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде көрсетілген жерден екі адамның мәйіті табылған.