Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Атырау облысындағы қанды қылмысты күдікті алдын ала жоспарлаған

/
Атырау облысындағы қанды қылмысты күдікті алдын ала жоспарлаған
Атырау облысы ПД

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған отбасы мүшелерінің өліміне қатысты істе жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Tengrinews.kz басылымының ресми сұрауына жауап берген полиция күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаянның ұсталғанын растады.

ІІМ мәліметінше, Қазақстанның құқық қорғау органдары шетелдік әріптестерімен бірлесіп жүргізген операция барысында күдікті Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында қолға түскен. Онымен бірге бұрын халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталған.

"Қазақстан ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Онымен бірге бұрын хабар-ошарсыз кеткен ретінде халықаралық іздеуде болған бұрынғы жұбайы анықталды", – делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс алдын ала жоспарланған.

"2025 жылдың қараша айында күдікті ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар мен пайдакүнемдік мақсатты көздей отырып, екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлаған. Қылмысты жасағаннан кейін ол ізін жасыру үшін мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойып, жәбірленушілердің мүлкі мен ақшасын иемденген", – деп хабарлады полиция.