Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан Ресейден келетін көліктерге утильалымды көтеруді жоспарлап отыр

/
Қазақстан Ресейден келетін көліктерге утильалымды көтеруді жоспарлап отыр
Сурет: lada-kazakhstan.kz

Қазақстан көрші ел тарапынан алым мөлшері өскеннен кейін ресейлік автомобильдерге утилизациялық алымды көтеруді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

«Бұйрыққа әлі қол қойылған жоқ. Біз Ресей нарығы үшін ешқандай жаңашылдық енгізіп жатқан жоқпыз, тек қалыптасқан жағдайға сәйкес жауап қатып отырмыз. Біз екі ел нарығына - біздің Ресей нарығына, Ресейдің біздің нарыққа шығуына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуіміз керек. Өздеріңіз білетіндей, Ресейде біздің көліктер үшін утильалым бірнеше есе, тіпті ондаған есе өсті. Онда 2029-2030 жылдарға дейін прогрессивті шкала қолданылады, нәтижесінде утильалым сомасы ақылға қонымсыз деңгейге жетеді», - деді Нағаспаев сейсенбі күні үкіметте өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, бұл шешім отандық автоөндірісті дамыту үшін қабылданған. Ресейлік автомобильдер қымбаттағанымен, министрдің пікірінше, бұл нарыққа айтарлықтай әсер етпейді.

«Бізде барлық статистика бар  Ресейден Қазақстан аумағына көп көлік кірмейді. Сондықтан автомобиль бағасының күрт өсуі болмайды. Мен бұған қалыпты қараймын, бұл  нарықтық механизм. Меніңше, біздегі ресейлік импорт 3,7%-ды құрады, сондықтан бұл жерде ешқандай тәуекел көріп тұрған жоқпын», - деп түйіндеді өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы.