Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Журналист Атыраудағы трагедияға қатысты жаңа деректі айтты

/
Журналист Атыраудағы трагедияға қатысты жаңа деректі айтты
ашық дереккөзден

Атырауда болған қанды қылмысқа қатысты жаңа мәліметтер жария болды. Бұл туралы журналист Жанат Молдашова айтып, оқиғаның кейбір мән-жайларын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің айтуынша, марқұмдардың жақындары күйеу баласының мұндай қатыгез әрекетке баратынын мүлдем күтпеген. Қайғылы жағдай алдында отбасы оларды қуанышпен қарсы алуға дайындалған.

Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі жазбасында Жангелдин ауылында жүрген кезінде туыстарының бірі айтқан оқиғаны жеткізген.

"Жангелдинде жүргенімде ағайындардың бірі: "Мақсот ағам қыз-күйеу балам қонаққа келеді деп көршіге мал сойғызып, дайындалған" деген еді. Е-е, құшақ жайып қарсы алған күйеуінің азғын болып шығатынын, қолынан мерт болатынын қайдан білсін, қайран әке", – деп жазды журналист.