Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің қаза табуына қатысты қозғалған резонансты іс бойынша негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемалиев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұлтартпау шарасын қалалық мамандандырылған тергеу соты санкциялаған. Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторында отыр.
Тергеу барысында Сәрсемалиев оқиға болған орындарға жеткізіліп, тергеу әрекеттеріне қатысқан. Ол Жангелдин ауылына, сондай-ақ Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның денелері табылған қаладағы үйге апарылған.
Қазір іс бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жалғасуда. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.