Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Медеу Арынбаев отбасылық өмірі жайлы ашық әңгіме айтып, көпшілікке беймәлім жайттарды бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болып, жеке өміріне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берген. Оның айтуынша, жұртшылық арасында "қашан үйленесіз?" деген сауал жиі қойылады.
Әнші кейде мұндай сұрақтарға әзілмен жауап беретінін де жасырмады.
"Кейде әуежайда, кафеде немесе көшеде апаларымыз кездесіп, "қашан үйленесің?" деп сұрайды. Сондайда "мен үйлендім ғой, екі рет үйленіп, екі рет ажырастым" деп қалжыңдаймын. Олар "солай ма?" деп таң қалып жатады", – деді ол.
Сонымен қатар Медеу Арынбаев бұл тақырыпта шынайы пікірін де білдірді. Оның сөзінше, үйлену мәселесінде бір емес, екі рет әрекет болғанымен, ол жүзеге аспаған.