Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қашуға әрекет жасаған": Атырау облысындағы жоғалған отбасыға қатысты тың дерек

/
"Қашуға әрекет жасаған": Атырау облысындағы жоғалған отбасыға қатысты тың дерек
ашық дереккөзден

Атыраудағы Қарабалиндер отбасының қазасына қатысты қылмыстық іс жаңа деректермен толықты. Тергеу барысында күдіктілер Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның шетелге нақты қашан кеткені және олардың қалай ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Индонезия полициясының өкілі Рикки Пурнаманың мәліметінше, күдіктілер Ломбок аралында орналасқан қонақүйлердің бірінде жасырынып жүрген. Құқық қорғау органдары келген кезде Сәрсемәлиев қашуға әрекеттенгенімен, көп ұзамай ұсталған.

Ұстау операциясына Интерполдың ұлттық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметі қатысқан.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер 2025 жылдың 14 желтоқсанында Куала-Лумпур қаласынан Бали аралына ұшып барып, кейін Ломбок аралына өткен. Олар ұсталғанға дейін сол жерде бой тасалап жүрген.

Қылмыстық іс 2025 жылдың 25 желтоқсанында қозғалған. Сол күні Атырау облыстық полициясына бір отбасының жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстары олардың қараша айынан бері байланысқа шықпағанын мәлімдеген.

Іздеу шаралары барысында 6 қаңтарда зейнеткер ерлі-зайыптының мәйіті табылып, 8 қаңтарда жерлеу рәсімі өткізілген. Осыдан кейін іс адам өлтіру фактісі бойынша қайта сараланып, жоғалған басқа отбасы мүшелерін іздеу жалғасқан. Алайда көп ұзамай олардың да мәйіттері табылған.

Қайғылы оқиға салдарынан:

  • 66 жастағы Мақсот Қарабалин;
  • 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;
  • 35 жастағы Мирамгүл Қарабалина;
  • 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев қаза тапқан.