Танымал әнші Мейрамбек Беспаев жас өнер иесі Еркеш Хасенге автокөлік сыйлап, көпшілікті тәнті етті, деп Arasha.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Еркеш Хасеннің айтуынша, бұл күтпеген сый "CoverShow" бағдарламасы кезінде басталған. Ол жобаға қатысып, өнер көрсеткеннен кейін Мейрамбек Беспаев оның үйіне қалай қайтатынын сұраған.
"Осыдан екі апта бұрын бағдарламаға қатысушы болып бардым. Әнімді айтып, концерт бітеді. Мейрамбек ағамыз екеуміз мерекелік іс-шараға барып, әнімізді айтып болған соң, "үйге қайтатын көлігің бар ма?" деп сұрады. Ойымда ештене жоқ. Мен "иә, иә такси шақырып қойдым" дедім. Сол жерден әңгіме бітіп, үйге қайттық.
Келесі күні бағдарламаға сарапшы болып, қасында отырғанда Мейрамбек ағам көлігім туралы қайтадан сұрады.
Бағдарлама біткен соң, "маған көлігім жоқ деген сөзің шамалы жүрегіме ауыр тиді. Маған картаңның 16 санын қалдыр. Амандық болса жақын күндері сый-сияпатымды жіберемін. Соған өзіңе ыңғайлы көлік ал!" деді. Мен үшін үлкен сый-құрмет. Аллаға шүкір, маған бүгін Мейрамбек Беспаев ағам көлік сатып алып берді", – деді ол.