Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстандағы ең бай әйел кім: Forbes алғашқы рейтингті жариялады

/
Қазақстандағы ең бай әйел кім: Forbes алғашқы рейтингті жариялады
фрипик

Қазақстанда алғаш рет ең бай әйелдердің рейтингі шықты. 25 кәсіпкердің жалпы байлығы 8,1 млрд долларды құраса, оның басым бөлігі санаулы адамның қолында шоғырланған. Сарапшылар бұл тізім тек байлықты емес, елдегі қаржының қалай бөлінгенін де айқын көрсетеді дейді.

Бұл тізімнің ең қызық тұсы – байлықтың қалай жиналғаны. Сарапшылардың айтуынша, рейтингке енген әйелдердің капиталының 85-90 пайызы отбасылық немесе серіктестік бизнеске байланысты. Яғни, көп жағдайда бұл ақша нөлден бастап емес, бұрыннан бар бизнеске қатысу, үлес алу немесе мұра арқылы келген.

Қазақстандағы ең бай әйелдер тізіміне қарасаң, байлық тең бөлінбегені бірден байқалады. Барлық ақшаның 67 пайызы бір ғана адам  – Динара Құлыбаева қолында. Оның байлығы шамамен 5,4 млрд доллар. Яғни қалған ондаған адамның байлығын қоссаң да, ол бір адамның деңгейіне жетпейді.

Оның негізгі активтері банк саласы, жылжымайтын мүлік және білім беру бағытында. Одан кейін Мукадасхан Ибрагимова мен Дариға Назарбаева орналасқан. Бұл үш адам рейтингтің ең ірі бөлігін құрайды.

Қалған кәсіпкер әйелдердің байлығы көбіне 30-200 млн доллар аралығында. Яғни, негізгі ақша жоғарыдағы бірнеше адамның қолында шоғырланған. Ал алғашқы бестік бүкіл капиталдың 87 пайызын ұстап отыр. Бұл Қазақстанда байлықтың тең бөлінбегенін анық көрсетеді.

Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай әйелдер:

1 Динара Құлыбаева — 5,4 млрд доллар

2 Мукадасхан Ибрагимова — 650 млн доллар

3 Дариға Назарбаева — 550 млн доллар

4 Анжела Сарсенова — 249 млн доллар

5 Айжан Есім — 207 млн доллар

6 Айдан Сулейменова — 175 млн доллар

7 Каншаим Сейтжанова және Жанна Сейтжанова — 84 млн доллар

8 Алена Сулейменова — 73 млн доллар

9 Гаухар Каппарова — 65 млн доллар

10 Гульнар Досаева — 61 млн доллар

11 Раушан Сагдиева — 57 млн доллар

12 Ирина Козлова және Александра Соколова — 52 млн доллар

13 Любовь Дружинина — 50 млн доллар

14 Сауле Сейсембаева — 48 млн доллар

15 Элеонора Баталова — 44 млн доллар

16 Карина Сарсенова — 42 млн доллар

17 Алия Маханова — 39 млн доллар

18 Наталья Акентьева — 36 млн доллар

19 Сауле Зейнолла — 35 млн доллар

20 Амина Касымова — 34 млн доллар

21 Сандугаш Кемельбаева — 34 млн доллар

22 Галина Зкрияева — 33 млн доллар

23 Амина Ажмаганбетова — 31 млн доллар

24 Гаухар Абыкаева — 30 млн доллар

25 Жанна Кан — 28 млн доллар