Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Шерзат Полат ісі: кассациялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

/
Шерзат Полат ісі: кассациялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
ашық дереккөз

Сотталушылар Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет кассациялық сотқа жүгінген болатын, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасап Arasha.kz. Қалиахметтің адвокаты қылмыс құрамының болмауына байланысты оны ақтауды, ал Тоқтаубаевтың адвокаты жазаны жеңілдетуді сұрады.

Жәбірленуші Шерзат Полаттың адвокаты мен туыстары үкімді өзгеріссіз қалдыру жөніндегі ұстанымын жеткізді. Нәтижесінде, кассациялық сот сотталушылардың шағымын қанағаттандырған жоқ.

– Азамат Маратбекұлы Тоқтаубаев және Дидар Еркінұлы Қалиахметке қатысты Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған және ауданаралық сотының 2025 жылғы 5 маусымдағы үкімі және Алматы облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын, – деді судья Артур Наримов.