Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Несие мен бөліп төлеуге лимит енгізіледі: ереже келер жылы күшіне енбек

Несие мен бөліп төлеуге лимит енгізіледі: ереже келер жылы күшіне енбек
Freepick

Қазақстанда тұтынушылық несиелер мен бөліп төлеу (BNPL) қызметтеріне шектеу енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

Оның айтуынша, билік маркетплейстер мен сауда үйлері ұсынатын бөліп төлеу қызметтерін заңмен реттеуді көздеп отыр. «BNPL нарығын реттеу үшін жаңа заң әзірлеу немесе қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу жоспарлануда. Бұл – қаржы ұйымдарына жатпайтын, бірақ несиелік өнім белгілері бар бөліп төлеу қызметтеріне қатысты», – деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Банкі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз алушылар үшін жалпы берешек көлеміне шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Яғни әрбір азаматтың қарызына абсолютті лимит белгіленеді.

«Әр қарыз алушы үшін жалпы берешектің ең жоғары мөлшеріне қатысты нақты шек қойылады», – деді агенттік басшысы.

Бұған дейін реттеуші маркетплейстер арқылы берілетін бөліп төлеу қызметтері іс жүзінде несиеге ұқсас екенін атап өткен. Осыған байланысты мұндай өнімдерге пайыздық мөлшерлемелерді шектеу және тұтынушылар құқығын қорғау нормаларын енгізу жоспарланып отыр.

Жаңа талаптар финтех және телеком-компаниялардың қызметіне де әсер етеді. Өйткені олар қаржылық қызмет көрсеткенімен, бүгінге дейін толыққанды банктік бақылауға түспей келген.