Щучинск қаласындағы "Палау орталығында" болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әкімдік мәліметінше, өрттен зардап шеккендердің тағы бірі көз жұмған. Осылайша, қайғылы оқиға құрбандарының жалпы саны 12 адам болды.
Сонымен қатар, қалған зардап шеккендердің жағдайы тұрақты екені айтылды.
"Қаза тапқандардың әр отбасысына Бурабай ауданы әкімдігі тарапынан 2 миллион теңгеден, сондай-ақ дәмхана иелері тарапынан да 2 миллион теңгеден көмек көрсетілді. Сонымен бірге жерлеу рәсіміне кететін шығындар толық өтеледі", – деп хабарлады әкімдік.