Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Ақ үйдегі дүрбелең: Трамп бірнеше сағат бойы ашуланған

Ақ үйдегі дүрбелең: Трамп бірнеше сағат бойы ашуланған
Alex Wong/Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран америкалық F-15E жойғыш ұшағын атып түсіргені туралы хабарды естігенде қатты ашуланған, деп хабарлайды Arasha.kz.

The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Ақ үйдің Батыс қанатында отырған Трампқа ұшақтың атып түсірілгені және екі ұшқыштың хабарсыз кеткені туралы хабар жеткен. Осыдан кейін ол бірнеше сағат бойы көмекшілеріне ашуланып, "Еуропалықтар көмектеспейді" деген сөзді қайта-қайта айтқан.

Басылымда Трамптың 1979 жылғы кепілге алу дағдарысының қайталануынан қауіптенгені атап өтіледі. Ол кезде ирандық студенттер Тегерандағы АҚШ елшілігін басып кіріп, 66 америкалық дипломат пен қызметкерді кепілге алған еді. Осыған байланысты Трамп атып түсірілген ұшақ экипажын құтқару үшін шұғыл іздестіру операциясын бастауды талап еткен.

Алайда әскери күштерге нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін уақыт қажет болған. Трамптың көмекшілері оған операцияға зиян келуі мүмкін деп қауіптеніп, тек маңызды ақпараттарды ғана жеткізіп отырғаны айтылады.

The Wall Street Journal дерегінше, F-15E жойғыш-бомбалаушы ұшағы 3 сәуір күні Иран аспанында атып түсірілген. Сол күні іздестіру жұмыстары басталып, ұшқыштардың бірі тез табылған. Ал екінші ұшқыштың құтқарылғанын Трамп 5 сәуірге қараған түні мәлімдеген.