Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақтаулық асаба мен әйелі видео туралы айтып, жанжалға нүкте қоюды сұрады

Ақтаулық асаба мен әйелі видео туралы айтып, жанжалға нүкте қоюды сұрады
ашық дереккөзден

Ақтау қаласында "Хан" лақап атымен танымал асаба жұбайымен бірге әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, тарап кеткен жеке сипаттағы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жұбайы жазбасын "Сүрінген мен бүлінгенді сөз етпе, сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте" деген сөздермен бастап, жағдайдың ауырлығын жеткізді.

Асабаның айтуынша, аталған бейнежазба көпшілікке тарату үшін түсірілмеген. Ол видеоны жасырын түрде сақтағанын, алайда белгісіз себептермен интернетке тарап кеткенін айтты.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылардың видеоны іздеп, тіпті WhatsApp арқылы сұрап жатқаны байқалған.

Бұл жағдайды пайдаланып, алаяқтық әрекеттер де көбейген. Кейбір Telegram-арналар "толық нұсқаны" ұсынамыз деп, қолданушылардан ақша талап етіп жатыр.

Соңғы деректерге сәйкес, «хан тамада мен әйелі» деген іздеу сұранысы бір тәуліктің ішінде Google жүйесінде шамамен 5 мың рет тіркелген.