Атырау облысындағы қанды қылмыстан көз жұмған бір отбасының төрт мүшесінің бейіттері тұрғызылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Марқұмдарға ауылдас болып келетін жандар бұл жолғы садақаның барлық шығынын аудан әкімдігі өз мойнына алғанын, асқа қатысушылар саны да көп болғанын жазды.
"Кеше аудан орталығы Миялыда ауылдасымыз Мақсот пен Нәсіптің 100 күндігі, Наурыз бен Мейрамгүлдің 40 күндік садақасы өтті. Бүкіл шығынды аудан әкімдігі көтеріпті. Садақаға қатысушылар өте көп болды дейді, ауданға қарасты округтың ақсақалдары, ардагерлер, белсенділері қатысып, сөз сөйлепті. Алдында Наурыз бен Мейрамгүлдің де жеті күндік кәдесін Миялы басының кәсіпкерлері көтерген. Бүгін Жангелдин ауылында төртеуінің үйін көтеріп жатыр. Бізбен бірге қайғырған бүкіл халыққа, елдегі осы істің басы қасында көмек көрсетіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын. Жанашыр жандарға рахмет! Мұндай қайғыны енді ешкімнің басына бермесін! Марқұмдардың жандары жәннатта болсын!" – деп жазды ауылдасы.