Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Мұхтар Шахановтың келіні ақынның қазасына байланысты әсерлі жазба жариялады

Мұхтар Шахановтың келіні ақынның қазасына байланысты әсерлі жазба жариялады
ашық дереккөзден

Қазақстанның көрнекті ақыны Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Өмірбекова оның дүниеден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Democrat.kz хабарлады.

Жазбасында ол қайын атасының өмірден озуы тек отбасы үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ауыр қаза екенін атап өткен.

"Атам өтті бұл жалған өмірден…
Артынан өшпес із, асыл сөз, биік рух қалдырған…
Шаңырағыңызбен, еліңіз ойсырап қалды…
Ұрпағыңыз сізбен мақтанады, жан атам.
Жаныңыз жәннатта болсын…", – делінген жазбада.