Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Аймақтар

Өскеменде арнайы қызмет сарбаздары ер адамды көпқабатты үйдің төбесінен көтеріп түсірді

Өскеменде арнайы қызмет сарбаздары ер адамды көпқабатты үйдің төбесінен көтеріп түсірді
Сурет: ПД

Өскеменде полиция қызметкерлері тұрғын үйдің шатырынан секіргелі тұрған ер адам туралы хабарламаға жедел әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 20 сәуірде болған. «102» арнасына өзін оғаш ұстаған және көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған белгісіз адам туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Анықталғандай, Серікбаев көшесіндегі 9 қабатты үйдің шатырында өңірдің 37 жастағы тұрғыны болған.

Құқық қорғаушылардың үйлесімді іс-қимылы мен келіссөздерінің арқасында қауіп сейілді. Операцияға Үлбі полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Азат Баймадиев, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы ПД СОБР қызметкерлері қатысты. Іс-қимылды үйлестіруді бөлім бастығы, полиция полковнигі Ринат Зубаиров жүзеге асырды.

Ер адам шатырдан аман-есен түсіріліп, қажетті көмек көрсету үшін медицина мамандарына тапсырылды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды бейжай қарамауға және осындай жағдайлар анықталған кезде дереу полицияға хабарласуға шақырды.