Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атыраудағы қанды оқиға: үй алдына тасталған кілт жаңа күдік тудырды

Атыраудағы қанды оқиға: үй алдына тасталған кілт жаңа күдік тудырды
ашық дереккөзден

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында қаза тапқан отбасы ісіне қатысты жаңа әрі түсініксіз жайттар белгілі болуда. Бұл туралы "КТК" телеарнасының тілшісі Жанар Молдашева мәлім етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәліметтерге сәйкес, жуырда марқұм ерлі-зайыптылар – Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиева, сондай-ақ олардың балалары Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның зираты тұрғызылған. Сол күні қаралы үйде Құран бағышталып, туған-туыс пен ауыл тұрғындары жиналған.

Алайда осы жиын барысында марқұмдардың жақындары күтпеген жағдайды жария еткен. Олардың айтуынша, белгісіз біреу қаралы үйдің есігінің алдына кілт тастап кеткен. Үйге жиі барып жүрген туыстарының бірі табалдырықта жатқан кілтті байқап, соның көмегімен есікті ашқан.

Бұл жайт марқұмдардың жақындарының күдігін күшейте түскен. Енді олар "бұл іске тек күйеу бала ғана емес, тағы бір адамның қатысы болуы мүмкін бе?" деген сауал көтеріп отыр.

Қазіргі уақытта аталған жағдайға қатысты нақты ақпараттар анықталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.