Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Тоқаев халықаралық тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды

Тоқаев халықаралық тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитте мүдделі халықаралық тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сонымен қатар еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайды. 

Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды. 

Осы орайда Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осынау асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз. Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс,  - деді мемлекет басшысы.