Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Мәдениет

Камзолдан да күрделі мәселелер бар - Аида Балаева

Камзолдан да күрделі мәселелер бар - Аида Балаева
Сурет: gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильмдегі» камзол дауына қатысты журналистерге пікір білдіріп, мәселе тек бір реквизитпен шектелмейтінін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аида Балаеваның айтуынша, журналистер дауды одан сайын өршітіп жатыр. “Қазақфильм қаржыландырудан айырылып, банкротқа ұшырау алдында болғанда, жерін тартып алмақ болғанда журналистер неге өре түрегелмеді”, деп ренішін білдірді. 

 “Сынау оңай, бірақ соңғы екі жылда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы көп жазыла бермейді. Осы уақыт ішінде студияны қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді, 
 «Қазақфильм» архивінің басым бөлігі цифрландырылған. Оның ішінде костюмдер мен түрлі реквизиттер де бар. Дегенмен, кейбір құнды дүниелер жоғалып кеткен. Сол себепті кейбір реквизиттердің жеке адамдардың қолында кетуі де жоққа шығарылмайды”-, деді Аида Балаева.

Ал, «Қыз Жібек» камзолының түпнұсқасы ғана бар, ол сақтаулы тұр. Ал Баян Алагөзовадағы екінші камзолдың қайдан шыққаны тексеріліп жатыр.

Бөлісу