Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Солтүстік Қазақстан облысы

СҚО-да кәріз жүйесін жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты

СҚО-да кәріз жүйесін жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Сурет: ЖИ

Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мердігер ұйымның екі жұмысшысы кәріз сорғы станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

– Еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деп атап өтті СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар метан мен күкіртсутегінен уланған. Мамандардың тәжірибелі болғанына қарамастан, осындай жағдай орын алып отыр. Қаза болғандардың бірі биыл 48 жасқа, екіншісі 50 жасқа толар еді.