Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Президент өз құттықтауында қазіргі таңда баспа саласында елеулі өзгерістер жүріп жатқанын атап өтті. Соған қарамастан, кітаптың рухани және адами құндылықтардың басты қайнар көзі ретіндегі маңызы ешқашан төмендемейтінін жеткізді.
"Соған қарамастан кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды.
Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді.
Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс", – дейді президент.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін дамытуға бағытталған арнайы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.