Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шахановты соңғы сапарға шығару кезіндегі оқиғалар қоғамда қызу талқыланды

Шахановты соңғы сапарға шығару кезіндегі оқиғалар қоғамда қызу талқыланды
ашық дереккөзден

Қазақ жұрты ұлы ақын, абыз тұлға Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды. Алматыдан туған жеріне аттандырылған қаралы рәсім барысында қоғамда түрлі пікір тудырған жайттар да орын алғаны айтылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Threads желісінде журналист Азамат Әбілқайыр жаназа кезіндегі кейбір әрекеттерге қатысты ренішін білдірді. Оның айтуынша, қоштасу рәсіміне келген әнші Қайрат Нұртас көпшіліктің назарын аударып, жиналғандардың бір бөлігі оны суретке түсіру үшін қоршап алған.

"Ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне әнші Қайрат Нұртас келді. Елеусіз, ың-шыңсыз кіріп-шыққысы келгені байқалады. Бірақ біраз адам ұстап алып, (ақсақалдар мен қарасақалдар) жаппай фотоға түсіп, әрі-бері тартқылап есін тандырды. Жарайды, Қайрат ондайды бірінші рет көріп тұрған жоқ. Бірақ үлкен кісілердікі не? Қайратпен дәл садақада түсу керек пе? Жаназасы оқылмады ғой! Әй, мәйіт жатыр ғой. Әруақты сыйласаң нетті?! Ұят қой, ағалар-ау! Сана жоқ. Деңгей жоқ. Өре жоқ", – деп жазды журналист.