Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атыраудағы қанды оқиға: негізгі күдіктінің есі дұрыс деп танылды

Атыраудағы қанды оқиға: негізгі күдіктінің есі дұрыс деп танылды
ашық дереккөзден

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған отбасы өліміне қатысты іс бойынша жаңа мәліметтер жарияланды. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев ақыл-есі сау деп танылған, деп Arasha.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, ол өз әрекеттеріне толық жауап бере алатын және қылмыстық жауапкершіліктің мәнін түсінген. Бұл оның заң алдында жауапқа тартылатынын білдіреді.

Ал күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты нақты қорытынды әлі шыққан жоқ. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласында қосымша сот-психиатриялық сараптамадан өтуде. Бұған дейін Атыраудағы мамандар оның психикалық жағдайына толық баға бере алмаған.

Әзірге Ақбаян күдікті мәртебесінде қалып отыр. Оның ісіне қатысты түпкілікті шешім Алматыдағы сараптама нәтижесіне байланысты қабылданбақ.

Прокуратура мәліметінше, бұл қылмысқа өзге тұлғалардың қатысы анықталмаған.