Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Құшақтап алыппын": Ханшайым Шаханова ақын Мұхтар Шахановпен алғашқы таныстығын еске алды

"Құшақтап алыппын": Ханшайым Шаханова ақын Мұхтар Шахановпен алғашқы таныстығын еске алды
видеодан скриншот

Әйгілі ақын Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова олардың алғаш танысқан сәті туралы әсерлі естелігін бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, анасы кезінде оған үлкен тұлғаның жары болу оңай еместігін алдын ала ескерткен.

"Анам айтып отырушы еді, "Сен үлкен тұлғаның жары болдың. Енді көргенді көрме, естігенді естіме. Мұндай тұлғаға жар болу оңай емес" деп. Мұхаңмен танысқаным әлі есімде. Есіктен кірсем, өлең жазып отыр екен. Табалдырықта аяғым шалынып кетіп, құлап, осы кісіні құшақтап алыппын ғой. Ол кісі маған едірейіп қараған болатын. Содан дастарқанда қасында отырғанымда, табағыма жемістер аршып салып, үйіп тамақ салып берді. Өзімнің қарным ашып келген болатын. Бірақ қолым дірілдеп сол тамақтың ешбірін жей алмадым", – дейді Ханшайым Шаханова.