Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

"Үш күн ғана уақыт қалды": Трамп Иранға қатаң ескерту жасады

"Үш күн ғана уақыт қалды": Трамп Иранға қатаң ескерту жасады
Annabelle Gordon/AFP via Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның мұнай инфрақұрылымына қатысты мәлімдеме жасап, жағдайдың күрделене түскенін айтты. Бұл туралы Fox News хабарлайды.

Америкалық көшбасшының сөзінше, теңіздегі блокада салдарынан Иран мұнай экспорттай алмай отыр, соның нәтижесінде елдің мұнай жүйесі ауыр күйге түскен. Ол шамамен үш күн ішінде инфрақұрылымда күрделі мәселелер туындауы мүмкін екенін ескерткен.

"Үш күннен кейін бұл жүйе жай ғана істен шығуы мүмкін", – деді Трамп.

Сондай-ақ ол қазіргі келіссөздерде бастама АҚШ тарапында екенін атап өтті.

"Барлық мүмкіндік АҚШ-тың қолында", – деді президент.

Трамптың айтуынша, АҚШ бұдан былай Пәкістанға Иранмен келіссөз жүргізу үшін делегация жібермейді. Егер Тегеран диалогты жалғастырғысы келсе, олардың өкілдері АҚШ-қа келуі немесе тікелей байланысқа шығуы қажет.