Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Желтоқсан бүлікшілерін жақтаған біреу": Блогер марқұм Шахановқа тіл тигізіп, жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

"Желтоқсан бүлікшілерін жақтаған біреу": Блогер марқұм Шахановқа тіл тигізіп, жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)
stan.kz коллажы

Алматыда Мұхтар Шахановтың есімін көше атауына беру туралы ұсыныс қоғамда қызу талқыланып жатыр. Алайда бұл бастамаға қарсы пікір білдіргендер де табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желіде бір ер адам Абдолла Розыбақиев көшесін қайта атау идеясын сынға алып, ақынның есімін беруге қарсы екенін жеткізген. Оның пікірінше, Розыбақиевтің елге сіңірген еңбегі зор, сондықтан көшені өзгерту орынсыз шешім болмақ.

Бұл мәлімдеме желіде резонанс тудырып, қоғам белсенділері мен қолданушылар арасында түрлі пікірлерге себеп болды. Бұған дейін ақынның атына көше беру туралы петиция жарияланып, оны мыңдаған адам қолдаған еді.

Осы жағдайдан кейін адвокат Мейірман Шекеев блогердің сөзін сынға алып, оның үстінен ресми арыз түсіргенін мәлімдеді. Заңгер мұндай пікірлерді ұлттық намысқа тию деп бағалап, тиісті құқықтық баға берілуі керек екенін атап өтті.

Еске салайық, Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.