Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Назарбаевтың немересі әжесінің ісін жалғастырмаққа бекінді

Назарбаевтың немересі әжесінің ісін жалғастырмаққа бекінді
Иллюстрациялық коллаж / AI арқылы жасалған сурет

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев мектеп бағдарламасындағы "Өзін-өзі тану" пәнін дамыту ісін жалғастыруға ниетті екенін айтты, деп Arasha.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрәлі Әлиев сұхбаттарының бірінде жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңызына тоқталып, бұл бағыттағы жұмысты әрі қарай жандандыру қажет екенін жеткізген.

Айта кетейік, "Өзін-өзі тану" пәні Қазақстан мектептеріндегі міндетті оқу бағдарламасына 2010-2011 оқу жылында енгізілген еді. Бұл бастама Сара Алпысқызы Назарбаеваның жетекшілігімен қолға алынып, оқушылардың бойында ізгілік, мейірімділік, адамгершілік және ішкі үйлесімділік сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған рухани-адамгершілік тәрбие курсы ретінде ұсынылған.

Дегенмен 2022 жылы Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі "Өзін-өзі тану" пәнін міндетті пәндер қатарынан алып тастау туралы шешім қабылдады. Ресми бұйрыққа сәйкес, аталған бағдарлама міндетті мәртебесінен айырылып, факультативтік сабақ ретінде қалдырылды.