Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Мәдениет

Болгария  тұңғыш рет «Евровидение» байқауында жеңіске жетті

Болгария  тұңғыш рет «Евровидение» байқауында жеңіске жетті
Сурет: ашық дереккөзден

Венада 17 мамырға қараған түні мәресіне жеткен байқауда болгариялық әнші Дара «Bangaranga» әнімен ұлттық қазылар алқасы мен көрермендерден жалпы есепте 516 ұпай еншіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

27 жастағы Дарина Йотованың бұл жеңісі Болгарияның «Евровидение» ән байқауына қатысу тарихындағы тұңғыш бас жүлдесі болды. Екінші орынды 343 ұпаймен Израиль өкілі Ноам Беттан иеленсе, үшінші орын румыниялық Александра Кэпитэнскуге бұйырды.

Ұлыбритания Украинаның ұлттық қазылар алқасынан бір ұпай ғана алып, соңғы орынға тұрақтады.