Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атыраудағы қанды іс: Сәрсемалиев алқабилер сотынан бас тартты

Атыраудағы қанды іс: Сәрсемалиев алқабилер сотынан бас тартты
ашық дереккөзден

Бүгін, 18 мамырда Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр.

Отырыста судья айыпталушыдан істі алқабилердің қатысуымен қарау қажет пе деп сұрады. Сәрсемалиев қылмыстық істі алқабилер сотына берудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар судья жәбірленуші тараптың куәгерлері мен күдіктінің ата-анасы бүгінгі сот отырысына қатыса алмайтынын айтып, оларды залдан шығарды.