Instagram желісінде Атырау облысында қаза тапқан адамдарға қатысты жасанды интеллект көмегімен әзірленген видео жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бейнежазбада марқұм болған төрт адамның бейнесі сөйлеп тұрғандай көрсетілген. Олар өз өкпе-ренішін айтып жатқандай әсер қалдырады. Алайда видеодағы сөздер қаза тапқандардың өз дауысы немесе өмірінде айтқан нақты пікірі емес. Бұл – жасанды интеллект арқылы жасалған көркемделген контент.
Аталған видеоны Instagram желісіндегі avatar_elite парақшасы жариялаған.