Бір топ әнші Заманбек Нұрқаділовтың ескерткішің жанында Мақпал Жүнісованы марапатымен құттықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Құрметті ән сапарында жүрген Қазақконцерттегі әріптестеріме үлкен рақмет, Зәкеңнің ескерткішіне тағзым жасағандарыңызға Алла разы болсын, жолдарыңыз болып, концерттеріңіз жақсы өтуіне тілектеспін», - деді Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары әншіні марапатымен қайта құттықтап, әріптестеріне алғысын жаудырды.
«Заманбектің ескерткішінің жанында ерекше құттықтапты», «Мақпалдың жақтастары көп екен», «Ерекше құттықтау», «Екеуі де тарихта қалатын нағыз тұлғалар», «Екеуі де енді еленіп жатыр», - деді желі қолданушылары.
Айта кетейік, 2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст бой көтерді.