Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Пластикалық ота жасатқан депуттатың өлімі: Клиникадағылар мәлімдеме жасады

Пластикалық ота жасатқан депуттатың өлімі: Клиникадағылар мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Ақтаудағы «Қасиет» медицина орталығы облыстық мәслихат депутаты Ербол Айтуовның липосакциядан кейін қайтыс болуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Клиниканың бас дәрігері желіде тараған «лицензиясы жоқ» деген ақпаратты жоққа шығарып, 2015 жылдан бері ресми лицензиямен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ анестезиология және реаниматология қызметіне рұқсат бар екенін атап өтті. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс барысында ота бөлімінің талапқа сай жабдықталмағанын және бірқатар заңбұзушылық анықталғанын хабарлаған еді. Іс материалдары прокуратураға жолданған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов Ақтаудағы пластикалық отадан кейін көз жұмғаны туралы ақпарат тараған. 49 жастағы ер адам иегіне липосакция жасату үшін клиникаға жүгінген.