Әлеуметтік желіде Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жарының жазбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Instagram Stories бөлімінде жарияланған жазбада автор өзіне «дуа» жасалғанын айтып, мұндай жағдайлардың Өзбекстанда кең тарағанын мәлімдеген.
«Мені өлсін деп жасалғанын да білемін. Өзімді тазалатып, оқытқанымда неше түрлі әңгімені естідім», – деді Гүлайым Рахмонова.
Сондай-ақ жазба авторы кімнің кімге барып жүргенін білетінін ашық айтып, «көрейік, арты не болады екен» деп ойын түйіндеді.
Желі қолданушылары бұл жазбаны қызу талқылап, түрлі пікір қалдыруда. Алайда әзірге Шавкат Рахмоновтың өзі бұл мәселеге қатысты пікір білдірмеді.
