Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстандық келіншек елден 250 теңгеден жинап, ипотекасын жапты

Қазақстандық келіншек елден 250 теңгеден жинап, ипотекасын жапты
Фото: Arasha.kz

Қазақстандық желі қолданушысы Балауса Төлеуқызы әлеуметтік желіде жариялаған видеосы арқылы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол 17 сәуір күні өз парақшасында «20 мың адам 250 теңгеден аударса, ипотекамның 5 миллион теңге қарызын жабамын» деген жазбамен видео жариялаған.

Балаусаның айтуынша, бастапқыда бұл бастаманың осыншалықты қолдау табатынын күтпеген. Алайда видео таралғаннан кейін алдымен достары мен таныстары қаржылай көмек көрсетсе, кейін бөтен адамдар да қолдау білдіре бастаған.

18 сәуір кешіне дейін оның есепшотына шамамен 1 миллион теңге түскен. Ал бізге берген сұхбатында Балауса жалпы жиналған қаражат көлемі 2 миллион теңгеге жеткенін айтты.

Оның сөзінше, бұл қаржы ипотекалық қарызын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Егер жиналған соманы несие жабуға жұмсаса, ипотека мерзімі 38 айға қысқарып, артық төлем көлемі де азаяды.

Балауса бұл үрдістің Ресейде «челлендж» ретінде таралғанын атап өтті. Оның пікірінше, кейбір қазақстандықтар мұндай бастамаларды қайырымдылық қорымен шатастырып жатады.