Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асырады

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асырады
Сурет: Ақорда

Астанада Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. Тараптар екі ел арасындағы бұрын жасалған келісімдерді іске асыруға арналған Жол картасын бекітті.

Құжат Қазақстан басшысының 2025 жылғы қарашада Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы саналады.

Жол картасына өнеркәсіп, мұнай-химия, логистика, металлургия, агроөнеркәсіп, туризм және жасыл энергетика бағыттарындағы бірқатар жаңа жоба енгізілген. Бұл бастамалар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, өзара сауда мен инвестиция көлемін арттыруға мүмкіндік береді.