Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Алматы

Алматыда полиция киімін тігуге 1 млрд теңге жұмсалмақ

Алматыда полиция киімін тігуге 1 млрд теңге жұмсалмақ
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласының полиция департаменті киім тігу жұмыстарына 1 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында: «Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі; атауы – киім тігу жұмыстары; саны – 1; өлшем бірлігі – дана; ерекше тәртіпті қолдана отырып сатып алуға арналған болжамды сома – 1 000 000 000 теңге», – делінген.

Бір қызығы, конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау небәрі бір күнге ғана созылған. Атап айтқанда, өтінімдер 29 мамыр күні қабылданған.

Лот сипаттамасында қазіргі мәртебесі «өтінімдерді қарау» кезеңінде екені көрсетілген.